Елімізде ғалымдардың орташа жалақысы қанша теңге?

6 Қыркүйек 2021, 12:51
3034
Бөлісу:
Елімізде ғалымдардың орташа жалақысы қанша теңге?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ОКҚ алаңында өткен сараптамалық баспасөз конференциясында Білім және ғылым министрлігі ғылым комитеттің төрағасы Жанна Құрманғалиева Жолдауда ғалымдардың назарын аударған мәселелер жайында айтып берді.

Мемлекет басшысының Жолдауы ғылыми қауымдастықтың назарын аударып, кең қолдауға ие болып отыр. Өйткені Жолдауда көтерілген мәселелердің шешімдері - бұл ғылыми қауымдастық жылдар бойы көтеріп жүрген өзекті мәселелер, - деді комитет төрағасы.

Ол өз сөзінде қандай мәселелер екеніне тоқталды.

Біріншіден, ол - ғалымдардың жалақысының тұрақсыздығы. Бүгінгі күні ғалымдар жалақыны институт директоры болмаса, тек қана конкурс арқылы ғана алуға мүмкіндігі бар. Ал конкурстар былтырғы жылға дейін 3 жылда бір рет қана өткізілетін. Сондықтан ғылыми қызметкер болса да ғалым егер конкурста жеңбесе, 3 жылға ғылымнан да, институттан да қол үзуге мәжбүр болатын. Мұның себебі қазіргі заңға сәйкес базалық қаржыландыру көлеміне тек әкімшілік және техникалық қызметкерлердің жалақылары және ғимаратты ұстау шығындары ғана кіреді. Осы жағдайды өзгерту үшін Президент базалық қаражат есебіне жетекші ғалымдардың жалақысын енгізуді тапсырды, - деді Жанна Құрманғалиева.

Сонымен қатар Жолдауда ғалымдардың назарын аударған екінші мәселе туралы айтты.

Ол Мемлекет басшысының ғалымдардың еңбегіне лайықты жалақы төлеу мәселесін шешу туралы тапсырмасы болды. 2020 жылы ғалымдардың орташа жалақысы 152 мың теңге болды. Бұл жалпы экономика бойынша орташа жалақының тек 72%-ын ғана құрайды. Сондықтан Мемлекет басшысының осы тапсырмасы бойынша заңға тиісті өзгерістер енгізу үшін Қаржы және басқа да тиесілі министрліктермен жұмыстарды бастадық, - деп атап өтті ол ОКҚ-да.
Өзгелердің жаңалығы