Бұл сұраққа Сенат кулуарында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша ет өндірісі шамамен 4 пайызға артты, оның ішінде сиыр еті 2 пайыздан астам өсті. Бұл шаралар елдің етке деген сұранысын толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондықтан өндіріс есебінен бағаның өсуіне себеп көріп отырған жоқпыз, - деді ол.
Оның айтуынша, бұған дейін ет бағасының көтерілуіне Өзбекстан жақтан болған жоғары сұраныс әсер еткен.
Бірақ соңғы аптада байқағанымыздай, баға тұрақтанды және қазір өсімнің басқа факторларын көріп тұрғанымыз жоқ, - деді вице-министр.