Елімізде ет бағасы қымбаттайды

18 Қазан 2021, 15:22
44561
Бөлісу:
Елімізде ет бағасы қымбаттайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев хабарлады. Оның айтуынша, биыл қуаңшылық салдарынан жем-шөптің бағасы өсіп, саланы біраз әбігерге салды.

Министр бұл бірқатар өнімдер бағасының артуына себеп болуы мүмкін екендігін алға тартты.

Еттің өндірілетін көлеміне тоқталар болсақ, негізінен біз Қазақстанның ауыл шаруашылық кешені еттің өндірілген көлемі 100%-ға, соның ішінде сиыр етімен 97%-ға, қой етімен 100%-ға, жылқы еті 97,5%-ға өз-өзімізді қамтып отырмыз. Ішкі нарықтағы еттің сұранысы толықтай өзіміз өндірілген көлеммен жабылып отыр. Сол себепті импорттан келетін ет көлемі көп емес. Ал биыл орын алған қуаңшылық пен жем-шөп бағасының артуынан еттің бағасы да өсуі ықтимал, - деді ведомство басшысы.

Әйтпесе, ет өндірушілердің қалтасына да салмақ түседі.

Себебі ет өндіріп отырған шаруа қожалықтары шығындарын өтеуі тиіс екені белгілі. Еттің бағасы өседі деп жоспарлануда. Бірақ қатты өсу болмайды деп үміттенеміз, - деп атап өтті Ербол Қарашөкеев.

Еске сала кетейік, бұған дейін биыл шыққан астық ішкі қажеттілікті қаншалықты жабатыны туралы жазған болатынбыз.



Өзгелердің жаңалығы