Елімізде есірткі қылмысы өршіп тұр

29 Наурыз 2024, 11:45
881
Бөлісу:
Елімізде есірткі қылмысы өршіп тұр
Фото: автордан

Биыл 2063 қылмыстық есірткі құқық бұзушылығы анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы бүгін ІІМ баспасөз алаңында өткен брифингте Шыңғыс Алекешев айтты.

Биыл 2063 қылмыстық есірткі құқық бұзушылығы анықталды. Есірткі өткізудің 517 фактісі тоқтатылды. Әрбір үшінші факт интернет арқылы жасалады. Сондай-ақ, есірткіні аса ірі мөлшерде сақтаудың 149 фактісі анықталды. 4 ұйымдасқан қылмыстық топ жойылды. Олар синтетикалық препараттарды жеткізумен және сатумен айналысқан. Оның ішінде бір трансұлттық қылмыстық топ бар. Ұйымдасқан қылмыстық топты ұйымдастырғаны және оған қатысқаны үшін 8 қылмыстық іс қозғалды. Қылмыскерлерден 66 кг есірткі тәркіленді,- деп атап өтті ол.

Сондай-ақ маманның сөзінше тәркіленген синтетикалық препараттардың көлемі артқан.  Егер 2018 жылы бір жылда жалпы 5 кг жаңа психоактивті зат тәркіленсе, былтыр бір тоннадан астам психоактивті зат тәркіленген.  Ал биыл үш айда 225 кг «синтетика» тәркіленді.

Жалпы, тоқсан ішінде бір жарым тоннаға жуық түрлі есірткі тәркіленді, оның ішінде 946 кг марихуана, 237 кг гашиш.

Өзгелердің жаңалығы