Елімізде энергия жүйесі тағы 1 150 МВт электр энергиясына көбейеді – Энергетика министрлігі

12 Қараша 2021, 15:42
758
Бөлісу:
Елімізде энергия жүйесі тағы 1 150 МВт электр энергиясына көбейеді – Энергетика министрлігі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Энергетика министрлігі алдағы 10 күнде еліміздің энергия жүйесі тағы 1 150 МВт электр энергиясына ұлғаятынын хабарлады.

Павлодар облысы Қазақстанның энергетика жүйесіндегі маңызды өңір, электр энергиясын өндіру үлесінің 40%-ы осы аймаққа тиесілі.

Энергетика министрі Павлодар облысының электр станцияларын аралау барысында кеңес өткізді, онда станциялардың жөндеу науқандарын орындау, Қазақстан Республикасының 2035 жылға дейінгі энергетикалық теңгерімін әзірлеу және Батыс Қазақстанның қалалары мен аудандарын елдің Біртұтас энергия жүйесіне қосу туралы мәселелер талқыланды, - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бұған қоса, министр Екібастұз ГРЭС-1-де бірінші энергия блогын қалпына келтіру және Екібастұз ГРЭС-2-де үшінші энергия блогын салу және Павлодар облысының станцияларында жөндеу жұмыстарын жүргізу жобаларын іске асыру барысымен танысты.

Елімізде энергия жүйесі тағы 1 150 МВт электр энергиясына көбейеді – Энергетика министрлігі

Екібастұз ГРЭС-1 энергия блогын, сондай-ақ Ақсу ГРЭС-індегі турбоагрегат пен қазандық агрегатты жөндеу жүзеге асырылғаннан кейін желіге қосу бойынша дайындық жұмыстары аяқталуда. Ұлттық электр желісіне енгізілетін жиынтық қуат 650 МВт құрайды. Қараша айының соңына қарай Екібастұз ГРЭС-2-дегі энергия блогын жөндеу аяқталады деп күтіліп отыр. Бұл елдің энергия жүйесіне тағы 500 МВт қосады.

Министр бұл жұмыстарды 10 күн ішінде аяқтап, энергоблоктарды іске қосуды тапсырды. Осылайша, елдің энергия жүйесі тағы да 1 150 МВт электр энергиясына ұлғаяды.

Кеңес қорытындысы бойынша министр бірқатар тапсырма берді.

Энергия өндіруші ұйымдарға:

- жөндеудегі жабдықтарды уақтылы енгізу бойынша барлық қажетті шараларды қабылдау тапсырылды. Бұл ретте жөндеу сапасының төмендеуіне жол бермеу керек;

- 2022 жылы генерациялайтын жабдықты жоспардан тыс ажырату тәуекелін болдырмау үшін жазғы жөндеу науқанын жүзеге асыруды жоспарлау бойынша мәселені Жүйелік оператормен пысықтауды бастау тапсырылды.

Елімізде энергия жүйесі тағы 1 150 МВт электр энергиясына көбейеді – Энергетика министрлігі

Жүйелік операторға («KEGOC» АҚ) болжамды теңгерімді әзірлеушілермен бірлесіп, Қазақстан Республикасының 2035 жылға дейінгі энергетикалық теңгерімінің қорытынды нұсқасын 15 қарашадан кешіктірмей Энергетика министрлігіне енгізу жөнінде тапсырма берілді.

Өзгелердің жаңалығы