Елімізде энергия көздерін жаңғырту бойынша қандай жобалар іске асырылып жатыр?

14 Шілде 2022, 10:53
1522
Бөлісу:
Елімізде энергия көздерін жаңғырту бойынша қандай жобалар іске асырылып жатыр?
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов ТМД электр энергетикалық кеңесінің 60 жылдық мерейтойлық отырысында айтты.

Қазақстанда электр энергиясын өндіруді 190 электр станциясы жүзеге асырады, олардың жалпы орнатылған қуаты 23,9 ГВт, ал қолда бар қуаты 19 ГВт-ты құрайды. 2021 жылдың қорытындысы бойынша өндірілген 114,4 млрд кВт/сағ электр энергиясының үлесіне көмірмен жұмыс істейтін стансалардың үлесі 69% (78,9 млрд кВт/сағ), газ – 20% (22,9 млрд кВт/сағ), су электр станциялары – 7,4% құрады, - деді Нұрмағанбетов. 

Ол атағандай, 2035 жылға дейін жаңа генерациялаушы қуатты іске қосудың қажетті көлемі мен құрылымын анықтау үшін электр энергиясын өндіру мен тұтынудың болжамды мәндерін есептей отырып, энергетикалық кешенді дамытуды модельдеу жүргізілді.

2035 жылға қарай жаңа генерациялаушы қуаттарды іске қосуды қамтамасыз ету қажет, 11 ГВт төмен көміртекті өндіру көздері, оның ішінде 6,5 ГВт жаңартылатын энергия көздері (күн және жел) объектілері бар. Электр энергиясына орта мерзімді сұранысты жабу үшін жаңа генерацияланған энергия көздерін жаңғырту және іске қосуды қамтамасыз ету бойынша жобалар іске асырылып жатыр. Атап айтқанда, қуат нарығының механизмі аясында жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар 2025 жылға қарай 1400 МВт-тан астам қуатты іске қосуға мүмкіндік беретін қуаттарын жаңғырту және қайта құру бойынша іс-шараларды жүзеге асырып жатыр, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы