Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев елімізде электрондық сауданың дамып келе жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Электрондық сауда Қазақстанда да қарқынды дамып, қазіргі таңда біздің өміріміздің бір бөлігіне айналды.
2020 жылдан бастап оның көлемі 5 есе өсті, алайда әлі де әлемдік орташа деңгейден төмен. 2024 жылдың 11 айы бойынша алдын-ала жасалған деректерге сәйкес, Қазақстандағы электрондық сауда көлемі шамамен 3,2 триллион теңгеге жетті. Өткен жылдың қорытындысы бойынша бөлшек сауда көлемінен жоспарланған 14,5%-дан 15% пайызға дейін артуы болжануда, – дейді Шаққалиев Үкімет отырысында.
Министр электронды сауданы дамытуда Қазақстан жоғары әлеуетке ие екенін айтады.
Елімізде қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың кең таралуы, бөлшек финтех саласының дамуы мен интернеттің қолжетімділігімен, сондай-ақ 8 миллионнан астам жас халықтың көп болуына байланысты, Қазақстан жоғары даму әлеуетіне ие болып отыр. 2029 жылға дейін электрондық сауданы бөлшек саудадағы жалпы көлеміндегі үлесін 18,5%-ға дейін арттыру, немесе 9,3 триллион теңгеге жеткізу мақсаты тұр. Бұл электрондық сауда көлемін іс жүзінде 3 есе ұлғайтуға мүмкіндік береді, – деді Сауда министрі.
Сонымен қатар Шаққалиев электрондық сауданы одан әрі дамыту үшін 2027 жылға дейінгі электрондық сауданы дамыту жоспары қабылданғанын айтты.
Қабылданған жоспар шеңберінде электрондық сауда мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру, барлық өңірлерде электрондық сауда бойынша оқу курстарын жүргізу, сондай-ақ электрондық сауда кәсіпкерлеріне мемлекеттік қаржылық қолдау шараларын жүргізужұмыстары жалғасуда. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп республика бойынша кәсіпкерлер үшін электрондық сауда бойынша оқу орталықтары ашылды. Өткен жылы электрондық сауда субъектілеріне сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және кепілдік беру түрінде мемлекеттік қолдау шараларын көрсету ережелері қабылданды, – дейді Арман Абайұлы.
Еске сала кетейік, бүгін Үкімет отырысы жаңа тағайындалған Әділет министірінің ант беруімен басталғаны туралы осыған дейін жаздық.