Елімізде «Эко Сафари» акциясы жүзеге асырылып жатыр

16 Тамыз 2021, 16:37
2168
Бөлісу:
Елімізде «Эко Сафари» акциясы жүзеге асырылып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «STOP MUSOR» экологиялық жобасы Қазақстанның барлық тұрғынын «Эко сафари» республикалық акциясына қосылуға шақырады.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің деректері бойынша Қазақстанда 4,6 млн тонна қатты тұрмыстық қалдық (ҚТҚ) өндірілді. Оның 2,8 млн тоннасы - 600-ден астам кәсіпорын шығарған коммуналдық қалдықтар. Үй шаруашылықтарының қалдықтары - 71%, өндіріс қалдықтары - 14,6%, 10% - көше қалдықтары, 2%-дан астамы - нарық қалдықтары.

Жоба аясында Stop Musor мобильді қосымшасы іске қосылды, ол арқылы азаматтар өз қалаларындағы эко проблемалар туралы қалалық қызметтерге хабарлай алады. 2021 жылдың шілдесіне стихиялық қоқыстармен, судың ластануымен және құрылыс қалдықтарымен байланысты 85-тен астам өтініш келіп түсті. Алынған барлық шағым әр облыстың экология департаменттеріне жіберіледі. Алынған шағымдардың 60% - дан астамы шешілді, - делінген хабарламада.

Азаматтарды көшелерді, туристік орындарды ластау мәселесін шешуге тарту мақсатында 13-31 тамыз аралығында «Эко сафари» акциясы өтіп жатыр.

Қатысу үшін сайтқа өтінім беру қажет немесе stopmusor.kz атаудағы мобильді қосымшаны жүктеу керек.

«STOP MUSOR» Қазақстан тұрғындарын қалаларда және туристік орындарда тазалықты сақтауға қатысуға және өз үлесін қосуға шақырады. Челлендждің ең белсенді қатысушылары жоба атынан арнайы сыйлықтармен марапатталады. 

Акция 2021 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады.



Өзгелердің жаңалығы