Елімізде екі министрліктің атауы қате аударылған

28 Сәуір 2022, 15:34
3125
Бөлісу:
Елімізде екі министрліктің атауы қате аударылған
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде екі министрліктің атауы қате аударылған. Бұл туралы «Мемлекеттік тілді ғылым тіліне айналдыру мәселелері» атты тақырыпта өткен жиында қазақ тілінің жанашыры Назгүл Қожабек айтты.

Елімізде екі министрліктің атауы дұрыс аударылмаған. Атап айтқанда, Ақпарат және қоғамдық даму мен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері. «Қоғамдық даму» деген болмайды, «қоғамды дамыту» деген болады. Сондай-ақ инфрақұрылымдық даму емес, инфрақұрылымды дамыту деген дұрыс, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы