Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Үкімет отырысында айтты.
Ол атағандай, ең жоғары өсу сәтінен бастап картоп 64%-ға, сәбіз 54%-ға, пияз 4%-ға, қырыққабат 2%-ға арзандады.Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 9,7%-ға өсті. Жалпы өсудегі үлесі 5,9 пайызды құрап отырған көкөністер едәуір қымбаттады. Сонымен қатар ішкі нарықты жаңа піскен отандық көкөністерімен толтыру нәтижесінде тамыз айының ортасынан бастап бағалар тұрақтанып, төмендей бастады. Соңғы 3 аптада бағалар 0,7 пайызға төмендеді, - деді ол.
Бағаның ең жоғары өсуі Түркістан облысында және Қызылорда облысы мен Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді. Бағаның ең төмен өсуі 8,6% – Қарағанды облысында, 8,9% – Алматы қаласында және 9,2% – Алматы облысында белгіленді, - деді ол.