Елімізде деректер заңнамасын бұзу бойынша 44 іс қозғалған

Бөлісу:
Елімізде деректер заңнамасын бұзу бойынша 44 іс қозғалған
Фото: ОКҚ

Дербес деректерге қол жеткізуді бақылау сервисіне 157 ақпараттық жүйе қосылған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы ОКҚ алаңында ЦДИАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов мәлімдеді.

Оның айтуынша, дербес деректер саласындағы заңнама талаптарын бұзу бойынша 2022 жылы 33 әкімшілік іс, 2023 жылы – 38, ал биыл 7 айда 44 іс қозғалған.

Былтыр алғаш рет ҚР ЦДИАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитетіне дербес деректерді қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау функциясы берілді. Жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін қағаз жеткізгіштерде жинауға, өңдеуге тыйым салынды, - деді Руслан Әбдіқалықов.

Азаматтардың дербес деректерін қамтитын «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілеріне кірген кезінде пайдалану міндетті болып табылатын дербес деректерге қол жеткізуді бақылаудың мемлекеттік сервисі енгізілді.

Бұл қызмет, біріншіден, азаматтарға біреулердің оның жеке деректеріне қол жеткізуге тырысып жатқандығы туралы хабарлауға мүмкіндік береді. Екіншіден, егер азамат бұрын қандай да бір ұйымға кіруге келісімін берсе, онда сервисте белгі қойылады, әрбір азамат порталға кіріп, жеке деректерімен не болып жатқанын көре алады. Бүгінгі таңда оған 157 мемлекеттік және жеке ақпараттық жүйе қосылған. Шыңына жеткенде бұл сервис тәулігіне 1 млн-нан астам сұранысты өңдейді, - деді ҚР ЦДИАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов.

Өзгелердің жаңалығы