Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 13-15 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Қазгидромет РМК хабарлауынша, 13-15 қарашада Қазақстандағы ауа райын Солтүстік-Батыс циклонның терең жырасы және онымен байланысты фронтальды бөлімдер айқындайтын болады.
Батыстан шығысқа қарай жылжи отырып, жыра республиканың барлық өңірлерін қамтиды, осыған байланысты жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ, солтүстікте бұрқасын болып, екпінді жел күтіледі.
Батыста ауа температурасы түнде 5 аяз – 3 жылу, күндіз 3 аяз – 10 жылу, солтүстікте, солтүстік-батыста және шығыс пен орталықта түнде 1-10 аяз, күндіз 5 аяз – 7 жылу, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде 1-10 аяз, күндіз 2-10 жылу болжанады.