Елде дәрі-дәрмек қымбаттады

26 Наурыз 2021, 22:48
1236
Бөлісу:
Елде дәрі-дәрмек қымбаттады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында фармацевтикалық өнім өндірісі құндық мәнде 25,6 млрд теңгеге жетті, бір жыл бұрынғы кезеңмен салыстырғанда 30,4% - ға артық. Бұл ретте шығарылымның нақты өсімі 9,2%-ды құрады.

2020 жылы елімізде фармөнім өндірісінің көлемі 138,3 млрд теңгеге жетті. 2019 жылмен салыстырғанда бір жарым есе артық (нақты өсім  47%-ға). 

Жылдың алғашқы екі айының қорытындысы бойынша сектордағы өндірістің 94% - дан астамы тек 4 өңірге тиесілі болды: Шымкент (7,2 млрд тг), Алматы (6,6 млрд тг), Алматы (5,3 млрд тг) және Қарағанды (5 млрд тг) облыстары. ҚР ИИДМ мәліметтері бойынша, Шымкентте орналасқан «Химфарм» АҚ зауыты шығарылатын өнім көлемін 3 есеге, ал Алматыда орналасқан «Нобел АФФ» 27%-ға ұлғайтты. 

ҚР ИИДМ жоспары бойынша ағымдағы жылы фармацевтика саласының өндірісі 5% - ға нақты өсуді көрсетуі тиіс. Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина өндірісін және бес жаңа өндірісті «Химфарм» АҚ, Жамбыл облысындағы биологиялық қауіпсіздік проблемалары ҒЗИ, иммундық-биологиялық препараттар мен вакциналар шығару зауытын іске қосу оң әсерін тигізбек. 

Бұл ретте, саладағы өндірістің өсуіне және 2021 жылға арналған оң жоспарларға қарамастан, қаңтар-ақпан айларында фармацевтикалық препараттар бағасының өсуі 2020 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда 9,5%-ды құрады. 

Барлық негізгі тауар топтарының құны 2,1% -31,3% шегінде ұлғайды. Антисептиктердің бағасы айтарлықтай өсті: 5% йод ерітіндісі (+31,3%), этил спирті (+30,3%). Сондай-ақ, «Корвалол» (+30,1%) айтарлықтай қымбаттаған. Парацетамол (+15,9%), «Канефрон Н» (+11,2%), «Хилак форте» (+11,2%) және «Эссенциале форте Н» (+11,1%) бағалары да өсті.



Өзгелердің жаңалығы