Елімізде былтыр 12 млн тоннаға жуық мұнай өнімдері өндірілген

30 Маусым 2021, 15:51
1416
Бөлісу:
Елімізде былтыр 12 млн тоннаға жуық мұнай өнімдері өндірілген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында халық алдында есеп берген ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев хабарлады.

Ведомство басшысының айтуынша, елімізде өндірілетін мұнай мен газ конденсатының 60%-дан астамы цифрлық мониторингілеуден өткізілетін көрінеді. Мәселен, 2020 жылы республикамызда 85,7 млн тонна мұнай өндірілген. Биылғы жылдың жоспарында оның көлемі 85,3 млн тоннаны құрап отыр. 

Министр бүгінгі таңда пилоттық режиммен іске қосылып отырған жоба жоспарымен бөлісті. 

7 мұнай өндіретін, 4 мұнай тасымалдайтын ұйым мен 3 мұнай өңдейтін зауыт жобаға қосылған. Биылғы жылы өнеркәсіптік эксплуатацияға мұнай мен газ конденсатының есебінің ақпараттық жүйесін жүргізу жоспарланып отыр, - деді Нұрлан Ноғаев. 

Ақпараттық жүйеге еліміздегі мұнай мен газ конденсатының 60%-дан астамын өндіру мен өңдеуін жүзеге асырған компаниялар қол жеткізе алады. 

Мұнай өнімдерінің өндірісі былтыр 11,5 млн тоннаға тең болған. Ал биыл елімізде 12,4 млн тонна мұнай өнімдерін өндіру жоспарланып отыр.

Өзгелердің жаңалығы