Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Елімізде баспана бағасы арзандай ма?

Олжас АДАЙ
26 Шілде 2024, 16:03
675
Бөлісу:
 Арман Мухатов  - архив
Фото: Арман Мухатов - архив

Құрылыс министрлігі еліміздегі үй бағасына қатысты болжамын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

БАҚ өкілі брифингте елімізде тұрғын үй бағасы 10 ай бойы төмендеп жатқанын айтып, министрлік өкілінен "бұл тенденция жалғаса ма?" деп сұрады.

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков үйдің бағасы біртіндеп өсетінін айтты.

Баға бірден түспейді. Бәрібір инфляция тұрғын үй бағасына әсер етеді. Биыл жарты жылда құрылыс материалдарының бағасы 2-3 пайызға өскен. Үй бағасы күрт өсіп, не бірден төмендеп кетпейді. Біз жүйелі өседі деп отырмыз,- деді Жүнісбеков ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Өзгелердің жаңалығы