Елімізде баллондағы газды сату талаптары қатаңдатылуы мүмкін

15 Қараша 2022, 14:46
995
Бөлісу:
Елімізде баллондағы газды сату талаптары қатаңдатылуы мүмкін

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында  Премьер-Министр Әлихан Смайылов мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, газ толтыру пункттерінің иелері арасында баллондардың сапасын бақылау, олардың қызмет ету мерзімін тексеру қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет.

Төтенше жағдайлар министрлігі жылу беру кезеңінде өрттің алдын-алу бойынша мүдделі мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің жұмысын нақты үйлестіруді қамтамасыз етуі қажет. Тұрғын үй объектілерінде өрт қауіпсіздігін бақылаудың тиімділігін арттыру жөнінде келісілген ұсыныстар енгізу керек, - деп мәлімдеді Үкімет басшысы.

Осы мәселеге Премьер-Министр өңір әкімдіктеріне жылу беру кезеңінде әлеуметтік объектілердің жұмысын ерекше бақылауға алуды тапсырды. Қоғамдық ғимараттар мен көп пәтерлі тұрғын үйлердің ішіне орнатылған қазандықтарды сыртқа шығару мәселесін жеделдету қажет екенін айтып өтті.

Индустрия министрлігі Төтенше жағдайлар, Энергетика министрліктерімен, өңір әкімдіктерімен бірлесіп, сұйытылған газды, әсіресе баллондардағы газды сату кезінде талаптарды қатаңдату жөнінде шаралар қабылдасын. Сондай-ақ газ толтыру пунктерінің иелері арасында баллондардың сапасын бақылау, олардың қызмет ету мерзімін тексеру қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Жалпы, Төтенше жағдайлар министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және өңір әкімдіктерімен бірлесіп, өрт қауіпсіздігі бойынша халықпен профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын күшейтсін. Ақпарат министрлігі бұл мәселе бойынша жәрдем көрсетуі керек, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы