9 айда 2,4 трлн теңгеге азық-түлік тауарлары өндірілді. Бұл туралы Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаментінің директоры Назгүл Хатепова мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оқи отырыңыз:
Мемлекеттік қолдау шараларының арқасында ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласы жыл сайын өсім көрсетуде. 2023 жылдың қорытындысы бойынша азық-түлік өнімдерін өндіру көлемі 2,1%-ға артып, 3,1 трлн теңгеге жетті.
Хатепованың айтуынша, осы жылдың 9 айында 2,4 трлн теңгеге азық-түлік тауарлары өндірілді. АӨК өнімдерін экспорттау көлемі былтыр 5,6 млрд теңге болды. Оның ішінде, қайта өңделген өнімдер үлесі - 43%.
Биыл 8 айдың қорытындысы бойынша жалпы аграрлық өнімдер көлемі 3 млрд долларға жетсе, оның ішінде қайта өңделген өнімдер көлемі - 55%, - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.