Мәжіліс депутаты Құдайберген Бексұлтанов елімізде зейнетақы алу үшін де пара бергендер бар екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Пара беруші болмаса, пара алушы қайдан шығады? Менің талқалып отырғам, әлеуметтік салада 7 іс қозғалған. Яғни зейнетақы тағайындау үшін жасалған. Бұл масқара ғой. Зейнетақы алу үшін пара берген, - деді депутат.
Бексұлтановтың айтуына қарағанда, зейнетақы алу үшін өзінің құжаттарын қылмысқа итеріп, пара берген. Мұндай жағдайларды талдап, келешекте болмайтындай етіп, алдын ала шара қолдану керек.
Депутат жай сөздер мәселені шешпейтінін атап өтті.
Мәжіліс депутаттары комитет отырысында әлеуметтік саладағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін талқыланғанын еске сала кетейік.