Елімізде ауа райы нашарлады: Ақмола облысында көлік қозғалысына шектеулер енгізілді

Бүгiн, 15:35
210
Бөлісу:
Елімізде ауа райы нашарлады: Ақмола облысында көлік қозғалысына шектеулер енгізілді
Фото: Polisia.kz

Астана Петропавл автожолының Щучинск маңындағы терминал аумағында 400-ден астам көлік, соның ішінде жеңіл, жүк көліктері мен қоғамдық көліктер кептелісте тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ  Polisia.kz сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері жолдардағы тәртіпті қадағалап, жергілікті билік өкілдері жүргізушілер мен жолаушыларға көмек көрсетуде.

Азаматтарды сапардан бас тартуға, ауа райы болжамын бақылауға және Астана — Қарағанды, Астана — Қабанбай батыр — Теміртау, Астана — Ерейментау — Шідерті және Көкшетау — Атбасар бағыттары бойынша қозғалысқа қойылған шектеулерді ескеруге шақырамыз, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ Ақтөбе облысында да көлік қозғалысы шектелді.

21 қаңтар сағат 11:30-дан бастап қатты боран мен нашар көріну салдарынан Самара — Шымкент автожолының Ақтөбе қаласынан Қызылорда облысының шекарасына дейінгі бөлігінде жүк және қоғамдық көліктер үшін қозғалысқа шектеу енгізілді. Патрульдік полиция қызметкерлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, осы учаскеде кептелістердің алдын алып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы