Елімізде аналардың 37,8% ғана сәбилерді ана сүтімен қоректендіреді – педиатр

1 Наурыз 2019, 17:44
2179
Бөлісу:
Елімізде аналардың 37,8% ғана сәбилерді ана сүтімен қоректендіреді – педиатр

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Халықтың осал топтары арасында балалар өлімі әлі де жоғары қалпында. Аналардың тек 37,8 пайызығы ғана сәбилерді ана сүтімен қоректендіретіні анықталып отыр. Бұл жайында Алматыда өтіп жатқан конференцияда педиатр дәрігер Жанар Әкімбекова мәлім етті.

Дәрігердің айтуынша, 2016-2020 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасы аясында мамандардың алғашқы санитарлық-көмекті науқастың үйіне барып көрсету ержесі енгізілмек.

"Бұл еліміздегі аналар мен балалардың денсаулығын жақсартудағы ең тиімді әдіс. Бұл потранажды прогресивті модель отбасының барлық мүшелерін қамтиды. Әсіресе жұртшылықтың көмекті анағұрлым қажет ететін бөлігіне тұрақты көмек көрсетіледі. Жаңа модельдің артықшылығы ол сапаға жұмыс істейді. Яғни қауіптің алдын алып, оның асқынуына жол бермеу бағытында жұмыс істейді", - дейді ол. 

Жиын барысында ол, халықтың осал топтары арасында балалар өлімі әлі де жоғары қалпында қалып отырғанын, аналардың тек 37,8 пайызығы ғана сәбилерді ана сүтімен қоректендіретіні анықталып отырғанын жеткізді.

"Сонымен қатар бала тәрбиесінде әр үшінші бала физикалық агрессияға ұрынып, психологиялық травма алған. Сондықтан қазіргі заманғы потранажды медициналық қызмет алдымен ата-ананың амандығына және балаға дұрыс тәрбие беруіне бағытталып отыр. Яғни баланы дұрыс тамақтандыру, ынталандыру және тәрбие берудегі қауіпсіздік шараларын сақтауды қажет етеді", - деді ол. 

Оның айтуынша, бұл пилоттық бағдарламаны Қызылорда мен Маңғыстау облысында сынақтан өткізген.

"Қызылорда облысы бойынша айтар болсам бұл жоба өз тиімділігін көрсетті. Мәселен әйелдерді тексеруде көптеген ауруларды алғашқы кезеңінде анықтай білді, сондай-ақ балаларды жасанды тамақпен қоректендіру екі есеге төмендеді", - деді жас дәрігер. 

Дәрігер сондай-ақ, ата-аналар арасында бала тәрбиесіне қатысты саулнама жүргізгендерін, нәтижесінде көпшілігі баласының табысты, дені сау адам болып өскенін қалайтынын, алайда, ол үшін балаға жастайынан инвестиция салу қажеттігін ескере бермейтіндігін айтты.

"Бала табысты, мықты болу үшін оған ерте жастан инвестиция салу керек деген теорияны енгізген ғалымдар 2007 жылы Нобель жүлдесін иеленген болатын. Олардың пайымынша, біз балаға жастайынан инвестиция салсақ ол қоғамға анағұрлым пайда әкеледі. Онда ананың жүкті болуынан бастап оған көп мән беріліп, дені сау баланы өмірге әкелуіне жағдай жасау қажеттігі айтылады. Яғни тек ана емес, бүкіл отбасының жағдайы дені сау баланың өмірге келуіне ықпал етеді. Осы тұста патронажды команданың берер көмегі зор. Олардың қатарында педиатр дәрігер, медбике, психолог, әлеуметтік қызметкерлер бар және бұлар әр отбасыға өздері барып қызмет көрсетіп, тексеріп отырады", - дейді Жанар Әкімова.

Әділет МҰСАХАЕВ





Өзгелердің жаңалығы