Елімізде әлеуметтік қызметкердің тиісті біліктілігі жоқ - Жақыпова

1 Қараша 2024, 15:30
1094
Бөлісу:
Елімізде әлеуметтік қызметкердің тиісті біліктілігі жоқ - Жақыпова
Фото: Үкімет баспасөз қызметі

Әлеуметтік қызмет сала қызметкерлері біліктілігін арттыру курстарынан өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова еңбекмині Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесе біліктілік курсын өткізетінін айтты.

Министрдің айтуынша, елімізде әлеуметтік қызметкердің көбінің тиісті білімі және біліктілігі жоқ.

Елімізде әлеуметтік қызметкерлердің тиісті біліктілігі жоқ. Салада мамандығы басқа адамдар жұмыс істейді. Енді министрлік олардың біліктілігін көтереді. Әлеуметтік қызметкерлер бар болғаны 16 мың теңгеден төлеп, біліктілікті арттыру курстарынан өтеді, - деді Жақыпова.

Оның айтуынша, әлеуметтік қызметкер skills.enbek.kz сайтында өзіне ыңғайлы уақытта оқудан өте алады.

Өзгелердің жаңалығы