Елімізде алдағы үш күнде күн күркіреп, жаңбыр жауады

8 Шілде 2022, 14:50
3321
Бөлісу:
Елімізде алдағы үш күнде күн күркіреп, жаңбыр жауады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер республика бойынша 2022 жылғы 9-11 шілдедегі ауа райы болжамын жариялады.

"Қазгидрометтің" мәліметінше, Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен республиканың барлық аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады. Найзағай болады, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Еліміздің оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл, солтүстігінде, солтүстік-батысында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ауа температурасы күндіз батыста +30+38°С, оңтүстік-батыста + 30+41°с, солтүстік-батыста + 22+33°С, солтүстікте, орталықта +22+30°С, шығыста ауа температурасы + 17+25°С-тан +23+31°С-қа дейін, оңтүстік-шығыста +20+29°С-тан +23+32°С-қа дейін жоғарылауы болжанады, елдің оңтүстігінде ауа температурасы +27+35°С күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы