Елімізде 9 су қоймасы салынады

20 Қазан 2022, 15:20
1377
Бөлісу:
Елімізде 9 су қоймасы салынады

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев елімізде салынатын су қоймалары туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2025 жылға дейін қосымша су көлемін қамтамасыз ету үшін жинақтау көлемі 1,7 текше километрді құрайтын 9 жаңа су қоймаларының жобасы іске асыру жоспарлануда, оның ішінде Ақмола-1, Алматы облысы-1, Жамбыл – 3, Батыс Қазақстан – 2, Қызылорда – 1, Түркістан-1, 59,4 млрд теңге сомасына,  2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджетте 11,3 млрд теңге қолдау тапты, - деді министр орталық коммуникациялар алаңында өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.

Брекешевтің айтуынша, былтыр көлемі 18,5 млн м3 «Кеңсай-Қосқорған-2» су қоймасы пайдалануға берілді.  

2022-2023 жылдар кезеңінде 6 жобалық сметалық құжаттарды әзірлеуді аяқтау жоспарлануда, бұл жалпы көлемі 1,6 км м3 болатын Ырғайты, Ақмола, Қалғұты, Үлкен Өзен, Бұзылық, Қараөзек және Кіші Өзен су қоймалары. 2023 жылы осы аталған қоймалардың құрылысын бастау жоспарланып отыр, - деді спикер. 

Өзгелердің жаңалығы