Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова еңбек адамдарын марапаттауға арналған жиында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Елордада Еңбек күніне орай еңбек адамдарын марапаттауға арналған іс-шара өтті.
Ең алдымен Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Еңбек күнімен құттықтады.
Еңбек күні қарсаңында осындай кездесу дәстүрлі салтымызға айналып келе жатыр. Біз бұл жерде тек байқау жеңімпаздарын құттықтау үшін ғана емес, сонымен бірге барлық еңбек адамына құрмет көрсетуге жиналып отырмыз, - деді ол.
Сөзінше, елімізде 9 млн-нан астам еңбек адамы бар.
Дүйсенова елімізде әр саланың дамуына үлес қосып келе жатқан еңбек адамдарын мысалға келтіріп, оларға алғысын жеткізді.
Биыл азаматтарымыздың қажырлы еңбегі арқасында 8 айда ел экономикасы 4,9 пайызға, өндіріс көлемі 3,1 пайызға өсті. Ал егер санмее айтсақ, осы жылдың өзінде 10 млн-нан астам шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 6,5 мың шақырымнан астам жол салынды және жаңартылды. Қазіргі таңда 220 спорт ғимараты, 110 мектеп, мүгедектігі бар адамдарға арналған 6 оңалту орталығы салынып жатыр, - деп айтты Дүйсенова.