Қыркүйек айында ел аумағында 550 мыңға жуық жедел респираторлық вирустық инфекция жұқтыру жағдайы тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Маусымдық жағдайларға байланысты түрлі вирустық асқынулар мен тұмаудың эпидемиологиялық кезеңі басталды. Осыған орай медициналық ұйымдар тұмауға қарсы иммундау науқанын жүргізуге кіріскен. Сондай-ақ зертханалар сынамалық талдау жұмыстарын бастап кетті.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша, алдағы эпидемиялық маусымда тұмаудың 3 штамы қауіпті болмақ. Мемлекеттік бюджет қаражатына вирусқа тосқауыл болатын 2 миллион 207 мың доза ресейлік вакцина сатып алынды. Бұл республика халқының 11%-н қамтуға мүмкіндік береді.
Бүгінгі күні тұмауға қарсы 769 мың адам егілді. Оның ішінде 184500 бала. Вакцинация жалғасуда. Мемлекеттік бюджет қаражаты есебін халықтың неғұрлым осал топтары, медицина қызметкерлері, медицналық ұйымдарда диспансерлік есепте тұрған балалар, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз балаларға арналған білім беру ұйымдарының, балалар үйлерінің балалары эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша вакцина алуда, - деді ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басшысы Сархат Бейсенова.