Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз хабарлады. Ведомство өкілінің айтуынша, бір апта ішінде 2636 қылмыс жасалған.
Оның 1754-і тәулік ішінде ашылған.
ІІМ ресми өкілі елдегі бір апта ішіндегі криминогендік жағдайға тоқталды.
Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 10 кісі өлтіру қылмысын, 8 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 45 тонау және 404 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты, – деп атап өтті Нұрділдә Ораз.