Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
Еліміздің су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ТЖМ басқа мемлекеттік органдармен бірігіп алдағы шомылу маусымында қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуді бастап кетті. Барлық өңірде азаматтардың шомылу кезеңінде қамтамасыз ету бойынша тапсырмалар берілді. Қазіргі таңда елімізде шомылуға рұқсат берілген 469 орын бар. Оның ішінде 118-і коммуналдық және 275-сі жеке жағажайлар, - деді ол.
Сыздықов атап өткендей, елімізде 50 мыңнан астам су айдыны бар.
ТЖМ құтқару бөлімшелері су айдындарының 125 бөлігінде өз жұмысын атқарып жатыр. Онда 490-нан астам құтқарушы қызмет атқарып жатыр. Шомылу маусымының басталуына қарай 48 жылжымалы құтқару бекеті қойылады, - деді Бауыржан Сыздықов.
Ол атағандай, су маңындағы демалыс орындары мен әкімдіктер бірлесіп министрліктің жедел-құтқару жасақтарында даярланған 250 құтқарушыны тарта отырып, 108 нысанды құтқару бекеті пайда болады.
Судан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету үшін өңірлерде 97 медициналық бекет жасақталды, - деді ол.