Елімізде 416 өрт сөндіру бөлімшесі бар

23 Желтоқсан 2021, 13:35
863
Бөлісу:
Елімізде 416 өрт сөндіру бөлімшесі бар
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жыл басынан бері бір құтқару станциясы және үш өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді.  Бұл туралы Төтенше жағдай министрі Юрий Ильин мәлімдеді.

Оның айтуынша, Қазақстанда 400-ден аса өрт сөндіру бөлімшесі бар, енді 18 депоның құрылысы жүріп жатыр. Алайда, бұл еліміз үшін жеткілісіз.

Өрт-құтқару бөлімшелерінің құрылысы жалғасуда. Жыл басынан бері Ақтау қаласында бір құтқару станциясы және Түркістан, Алматы, Ақтөбе облыстарында үш өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді. Қаржыландыру талап етілетін 18 өрт сөндіру депосының құрылысы жүріп жатыр. Қазіргі уақытта елімізде 416 өрт сөндіру бөлімшесі жұмыс істеп тұр. Әрине, бұл жеткіліксіз, 127 депо салу қажет, - деді министр.

Ведомство басшысының мәліметінше, биыл әкімдіктердің қолдауымен 190 бірлік техника мен бір жарым мыңнан астам жабдық сатып алынды. Енді 730-дан астам өрт-құтқару техникасын және 30 мыңнан астам түрлі арнайы жабдықтарды сатып алу жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы