Елімізде 400 мың адамға жүрек жетіспеушілігі диагнозы қойылған - профессор

26 Қыркүйек 2024, 13:45
458
Бөлісу:
Елімізде 400 мың адамға жүрек жетіспеушілігі диагнозы қойылған - профессор
Фото: автордан

Бұл туралы медицина ғылымдарының докторы, профессор Нурлан Абдикалиев халықаралық кардиохирургия саласының мамандары басқосуында айтты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Маманның айтуынша, республикада жыл сайын 40 мыңнан астам адам түрлі жүрек ауруларынан қайтыс болады.

Қазақстанда 400 мыңнан астам адамға жүрек жетіспеушілігі диагнозы қойылған. Сондықтан бұлардың барлығы тек қана терапевтік емдеу емес. Осы хирургиялық тәсілдермен де емделуге болады. Қазір біздің елімізде 4 орталық бар. Сол жерлерде жүрек ауруларын анықтап, емдеу жұмыстарын жүргізеді. Аурулардың көбісі артериялық гипертензия, қант диабеті, ишемиялық ауруы – соның барлығы жүрек жетіспеушілігін асқындыруы мүмкін. Соған жеткізбеу үшін, қан қысымын, қант мөлшерін бақылауда ұстау қажет. Сонда ғана ауыруды азайтамыз. Жүрек қызметінің жеткіліксіздігі 40 жастан кейінгі жандарда жиі кездеседі. Дегенмен дәрігерлер бұл аурудың қазіргі уақытта жасарып келе жатқанын айтады. Республикада жыл сайын 40 мыңнан астам адам түрлі жүрек ауруларынан қайтыс болады. Қазір 35 пен 50 жас аралығында адамдардың оннан бірінен жүрек кеселі анықталып отыр, - дейді медицина ғылымдарының докторы, профессор Нурлан Абдикалиев. 

Елімізде 400 мың адамға жүрек жетіспеушілігі диагнозы қойылған - профессор
Өзгелердің жаңалығы