Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер алдағы үш күнде Қазақстанда ауа райы ыстық болады деп болжам жасады. Елордада ауа температурасы 30 градустан жоғары деңгейде болады.
25-26 мамырда Қазақстан аумағында ауа райы ыстық болады. Оңтүстіктен жылы және құрғақ ауа келеді.
Елдің батысында 30...39°С, тіпті солтүстік жартысында да термометр бағандары күндізгі уақытта сирек байқалатын 32...38°С көрсетеді. Республиканың оңтүстік және шығыс аумағы да ыстық болады, оңтүстікте 30...40°С, шығыста 30...36°С-қа жетеді. Алайда, 27 мамырдан бастап Батыс, содан кейін солтүстік аймақтарға Батыс Еуропадан келетін антициклон әсер ете бастайды. Нәтижесінде батыс өңірлерде температураның 25...33°С-қа дейін, солтүстікте 18...28°С-қа дейін төмендейді, — деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Ертең, 26 мамырда елордада жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, ауа температурасы түнде 18-20 градус, күндіз 34-36 градус жылы болады.
27 мамырда оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді, ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 26-28 градус жылы болады.
Оқи отырыңыз: