Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Марғұлан Аманбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оңтүстік өңірлердегі өрттің қауіпті кезеңі 20 наурыздан, ал солтүстік, батыс, шығыс және орталық өңірлерде 8 сәуірден басталған.
Елімізде 33 орман өрті және 148 дала жануы тіркелді. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 4,4 есе аз. Сондай-ақ жалпы ауданы 353 га болатын 148 дала жануы тіркелді, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 5 есеге төмен. Оңтүстік өңірлердегі өрт қауіпті кезең 20 наурыздан, ал солтүстік, батыс, шығыс және орталық бөліктерде 8 сәуірден басталды, - деді Марғұлан Аманбаев.
Оқи отырыңыз: