Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Елімізде 28 қаңтарда теледидар мен радио уақытша өшеді

Бүгiн, 22:18
116
Бөлісу:
 depositphotos.com
Фото: depositphotos.com

Қазақстанда 28 қаңтар күні жоспарлы профилактикалық шаралар жүргізу мақсатында теледидар мен радио уақытша өшіріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы "Қазтелерадио" АҚ мәлімдеді.

Техникалық жұмыстар сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін жүргізілетін болады. Осы уақытта Otau TV спутниктік теледидары, эфирлік цифрлық және аналогтық телерадио хабарларының таралуында, сонымен қатар деректерді жолдау мен телефония қызметтерінде уақытша үзілістер болуы мүмкін.

Жүйе қызметтері қалпына келтірілгеннен кейін хабар тарату қайтадан тұрақты режимде жалғасады.

Өзгелердің жаңалығы