Елімізде 205 915 шетелдік автокөлік есепке қойылды

13 Шілде 2023, 16:12
919
Бөлісу:
Елімізде 205 915 шетелдік автокөлік есепке қойылды
Фото: Артём Чурсинов - архив

Елімізде заңдастырылған автокөліктердің едәуір бөлігі Ресейге, Арменияға және Қырғызстанға тиесілі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Өтінімді уақтылы берген, бірақ автокөліктерін заңдастырып үлгермеген Қазақстан азаматтарына белгіленген мерзімнен кейін заңдастыруға мүмкіндік берілді. Нәтижесінде 205 915 шетелдік автокөлік қазақстандық есепке қойылды. Заңдастырылған автокөліктердің басым көпшілігі Кеден одағының құрамындағы үш елге тиесілі. Олар Ресейден – 66.3% (136 636), Армениядан – 18.4% (37 914), Қырғызстаннан – 10.7% (22 144) әкелінген көліктер. Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде есептен шығарылмаған автокөліктерге және оларға қойылған шектеулерге байланысты болды. Көрсетілген автокөліктер бойынша заңдастыруды кейінге қалдыру туралы шешім қабылданды,– дейді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев.

Облыстар бойынша автокөліктердің ең көп саны Алматы қаласында тіркелген. 

Шетел автокөліктерінің тіркеу құжаттары мен мемлекеттік белгілері Мемлекеттік корпорацияға сақтауға тапсырылатын болады. Қазақстан азаматтары аталған автокөліктерді елден тыс жерлерге әкетуге шешім қабылдаса, олар Қазақстан Республикасының тіркеу құжаттары мен мемлекеттік нөмірлерін тапсыруы керек. Содан кейін оларға шет мемлекеттің тіркеу құжаттары мен мемлекеттік нөмірлері қайтарылатын болады, – дейді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев.

Өзгелердің жаңалығы