Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Сабыржан Сейтжанов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да құжатсыз тұратын, мәртебесі реттелмеген адамдарды анықтау жөніндегі акцияның қорытындылары туралы өткен брифингте айтты.
Сейтжанов атағандай, жеке басты куәландыратын құжатпен 1 278 адамды қамтамасыз ету аяқталуға жақын.Құжаттардың болмауы азаматтардың Конституциялық құқықтарын алуды шектейді. Ішкі істер министрлігінің бастамасы бойынша 2020 жылдың қазан айынан бастап азаматтығы анықталмаған азаматтарды анықтау мен құжаттандыру бойынша кең ауқымды акция жүргізілді. Акция аясында қазан айынан бастап 4 686 құжаты жоқ адам анықталды. Оның көпшілігі Алматы қаласы, Түркістан, Қарағанды, Ақмола, Жамбыл облыстарында тіркелді, - деді ол.
Оның ішінде 1 797 адам бұрынғы КСРО-ның қызыл паспортымен жүр. Қазіргі кезде аталған науқан жалғасып жатыр. Жеке басты куәландыратын құжатты алу үшін жергілікті көші-қон қызмет бөлімдеріне жүгіне алады, - деді Сабыржан Сейтжанов.
Айта кетейік, Ішкі істер министрлігі ҮЕҰ-мен бірлесіп, өткен жылдың 24 қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасының аумағында тұратын адамдарды жеке басын куәландыратын құжаттарсыз анықтау және құжаттандыру бойынша сәйкестендіру науқанын жүргізуде.