"Қазгидромет" синоптиктері 2025 жылғы 19 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Метеорологтардың мәліметінше, ел аумағына солтүстік-батыс циклоны ықпал етіп, қар жауып, боран соғады.
19 желтоқсанда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райын солтүстік-батыс циклоны және оған байланысты атмосфералық фронттар айқындайды.
Қар жауып, боран соғады, ал елдің батысында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын түседі, - деп жазылған "Қазгидромет" баспасөз қызметінің хабарламасында.
Сондай-ақ республика аумағында тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді деп болжанып отыр.