Онлайн-қызметтер іске қосылған сәттен бастап оларды 7 миллионнан астам азамат пайдаланды, оның ішінде 167 мың адам жүргізуші куәлігін ауыстырған, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Автокөлікті басқарудың міндетті шарттарының бірі – жарамды жүргізуші куәлігінің болуы. Жүргізуші куәлігі мен техпаспортты алып жүруді міндеттемеу мақсатында ІІМ оларды “цифрландырды” және құжаттардың цифрлық аналогтарын пайдалану үшін заңнаманы өзгертті.
Бұл қызмет көрсету мерзімін орта есеппен 4-5 есеге қысқартуға, қағазбастылықтан арылтуға және ХҚКО-лардағы кезектерді азайтуға мүмкіндік берді.
Сондай-ақ ІІМ жүргізуші куәліктерінің қолданылу мерзімі өтуге жақындаған кезде оларды уақтылы ауыстыру қажеттігі туралы еске салатын SMS және push-хабарламаларды жіберу сервисін енгізді.
Айта кету керек, бұрын жыл сайын ХҚКО-ға қолданылу мерзімі өтіп кеткен жүргізуші куәліктерін ауыстыру үшін 400 мыңға жуық азамат жүгінетін.
Енді жүргізуші куәлігін онлайн режимде екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы ауыстыруға болады.