Елімізде 15 археологиялық жасақ жұмыс істеп жатыр

15 Тамыз 2022, 22:10
1410
Бөлісу:
Елімізде 15 археологиялық жасақ жұмыс істеп жатыр

Бұл туралы Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты директорының ғылым жөніндегі орынбасары Талғат Мамыров Алматы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Археолог күніне арналған баспасөз жиынында айтты.

Т. Мамыровтың айтуынша, қазір археологтардың көпшілігі жазықта, экспедицияларда, археологиялық орындарды қазып, зерттеп, көне заманның жаңа нысандарын іздеп жатыр.

Сонымен қатар, ол археологиялық ғылым далалық зерттеулер жүргізумен шектелмейтінін атап өтті. Ғалымдар зертханалық жағдайда  зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Олар антропология, палеогенетика, геоархеология, археологиялық минералогия, остеология, археометаллургия, палеоботаника, геофизика және басқа да нақты және гуманитарлық ғылымдармен айналысады, ежелгі адамның күрделі, алуан түрлі және сонымен бірге қызықты әлемін ашады.

Бүгінде елімізде 15 археологиялық жасақ жұмыс істейді. Экспедициялар барлық бағыттар бойынша жүргізіледі. Бұл тас, қола ғасыры, ерте темір ғасыры және орта ғасыр дәуірі. Мысалы, осы маусымда Ақтөбе облысының аумағында қоладан құйылған металлургиялық пештер анықталды. Егер бұрын мұндай металлургиялық олжалар негізінен Орталық Қазақстан аумағында болса, бүгінде археологиялық отрядтар жұмысының нәтижесінде тау-кен ісінің басқа өңірлерде де дамығаны белгілі болды, - деді ол.

Бұдан басқа, Шығыс Қазақстан облысында зерттеулер іске асырылып жатыр, сондай-ақ Ақтөбе облысының Темір ауданындағы Тасқопа қорымынан сармат жауынгерін қайта реконструкциялау жүргізіліп отыр екен.

Т. Мамыровтың айтуынша, Алматы археологиялық ескерткіштерге өте бай, мәселен қазба барысында табылған көне тиындар соның айғағы.

Біздің қаламызда орта ғасыр ескерткіштері өте көп, темір ғасырының қорғандары, елді мекендері жиі кездеседі.  Алма-Арасан ауданында шекара маңы аймағында бұрындары табылған қалашықтар бар. Алматының жоғарғы бөлігінде археологиялық олжалар болуы әбден мүмкін, - деді Мамыров.

 

Өзгелердің жаңалығы