Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. Оның айтуынша, халықтың 8,8 млн-нан астамы коронавирусқа қарсы екпенің бірінші компонентін алған.
Ревакцинацияны 136 мың ҚР азаматы салдырды. Сонымен қатар 8,8 млн-нан астам адам вакцинаның бірінші компонентімен қамтылды. Бұл ересек тұрғындардың 78%-ына тең. Сондай-ақ 8,3 млн-нан астам адам немесе ересек адамдардың 73%-ы екінші компонентін алды, - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі.
Ведомтсво басшысының сөзіне сенсек, жасөспірімдер, жүкті және бала емізетін әйелдерді иммунизациялау да қарқынды жүргізілуде.
Comirnaty (Pfizer) вакцинаның 1 компонентімен 188 906 адам қамтылды. Оның ішінде аталған екпе 150 669 жасөспірімге салынды. Сондай-ақ 38 237 жүкті және бала емізетін әйел вакцинацияланды. Екінші компонентпен 19 386 адам егілді, - деді Алексей Цой.
Еске сала кетейік, бұған дейін еліміз әлемде коронавируспен сырқаттанушылық бойынша 110-орында тұрғаны туралы жазған болатынбыз.