Елімізде 12 блогер 1,4 млрд теңге көлемінде қосымша табыстарын декларациялады

Бүгiн, 16:26
156
Бөлісу:
Елімізде 12 блогер 1,4 млрд теңге көлемінде қосымша табыстарын декларациялады
Фото: Мемлекеттік кірістер комитеті

Мемлекеттік кірістер комитеті кірістерді төмендету бойынша камералдық бақылау туралы хабарламаларды орындау шараларын жалғастыруда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осы шаралар барысында 12 блогер өз еркімен 1,4 млрд теңге көлемінде қосымша табыстарын декларациялап, 73,6 млн теңге салық төледі.

Бүгінгі таңда барлығы 854 блогерге "кірісті төмендету" бойынша заң бұзушылықтар үшін 71,9 млрд теңге сомасында камералдық бақылау туралы хабарламалар жіберілді.

Орындау мерзімі – 30 жұмыс күні.

Сонымен қатар, 71,9 млрд теңге көлеміндегі айырмашылықтар төленбеген салықтардың сомасы емес екенін атап өткен жөн. Көрсетілген айырмашылық сомалары блогерлердің салық декларацияларында көрсетілмеген болжамды табыстарын білдіреді.

Салықтардың есептелуі мен төленуі салық заңнамасында белгіленген тиісті ставкалар бойынша ұсынылған декларацияларға сәйкес жүзеге асырылады.

Камералдық бақылаудың мәні – салық төлеушіге табыстарын өз еркімен декларациялап, есептелген салықтарды төлеуге немесе анықталған бұзушылықтармен келіспеген жағдайда түсіндірме беруге мүмкіндік беру.

Өзгелердің жаңалығы