Елімізде 11 жастан асқан қыздарға вакцина салынады

12 Наурыз 2024, 11:23
2858
Бөлісу:
Елімізде 11 жастан асқан қыздарға вакцина салынады
Фото: автордан

Елімізде 11 жастан асқан қыздарға адам папилломасы вирусына қарсы вакцина салынады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Адам папилломасы вирусына қарсы вакцина 15 жылдан астам уақыт бойы қолданылып келеді. Әлемнің 135 елінде, соның ішінде Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстанда қолданылады. Еуропа, АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Аустралия және Латын Америкасы елдерінің көпшілігін қоса алғанда, әлемнің 117 елі адам папилломасы вирусына қарсы вакциналарды өздерінің ұлттық иммундау бағдарламаларына енгізді.

Ал Қазақстанда АПВ-ға қарсы вакцинациялау жүргізу 2024 жылдың үшінші тоқсанына жоспарланған.

Қазақстан Республикасының Ұлттық вакцинациялау күнтізбесіне сәйкес ДДҰ ұстанымын және Қазақстан Республикасында халықты иммундау жөніндегі сарапшылардың Ұлттық техникалық консультациялық тобының ұсынымдарын ескере отырып, 11 жастағы қыздарға вакцинациялау жүргізу жоспарлануда,- деді ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басқарма басшысы Нұршай Әзімбаева.

Адам папилломасы вирусы қауіпті, өйткені ол тез таралады, обыр жасушаларын туындататын қоздырғышқа айналады және нәтижесінде қатерлі ісік дамиды дейді мамандар. Сондықтан бұл қазіргі өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

Сондықтан аталмыш вакцина туралы толық ақпарат беріп, туындайтын мәселелерді шешу үшін бүгін Астанада арнайы семинар-тренинг ұйымдастырылып отыр. Апталық семинарға Қазақстанның барлық өңірінен медицина қызметкерлері, дәрігерлер қатысты. 

Елімізде 11 жастан асқан қыздарға вакцина салынады
Елімізде 11 жастан асқан қыздарға вакцина салынады

 

Өзгелердің жаңалығы