Еліміздіңі барлық өңірлерінде жыл сайын ұйымдастырылатын «10 жасыл күн» атты республикалық челлендж бастау алды.
Аталған челлендж «Birgemiz: Taza Alem» жобасы «Әлеуметтік жобалар қоры» корпоративтік жалпыұлттық қорымен «Тaza Alem» және «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциялары аясында ұйымдастырылуда.
«10 жасыл күн» атты челлендж аясында 10 күнде 10 эко әдеттер қалыптастыру жоспарланған. Оның ішінде «Эко сөмке уақыты», «Жаяу жүріңіз», «Жалпы энергия үнемдейтін шам», «Суды үнемдеу», «Қоқыс сұрыптау» және т.б бағыттары қарастырылған.
Челлендждің негізгі мақсаты - азаматтардың экология саласына, оның ішінде қоршаған ортаны қорғаудағы волонтерлік қызметке қатысуға деген қызығушылықтарын арттыру, сондай-ақ табиғаттағы тазалықтың сақталуын қамтамасыз ету және елді мекендерді абаттандыруға бағыттау.
Қатысушылар #10ZHASYLKÚN челлендж хэштегтерін қолдана отырып, әлеуметтік желілерде «10 жасыл күн» аясын фотосуреттерін немесе бейнелерін бөлісуі және @birgemiz_taza_alem2022 ұйымдастырушылар парақшасын белгілеу қажет.