Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің "Республикалық эпизоотияға қарсы отряд" РММ тарапынан 2019 жылы жергілікті атқарушы органдарға ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру үшін 9 млн 933 мың дана құлақ сырғалары берілді.
Оқи отырыңыз:
Осылайша, төлдерді сәйкестендіру үшін қажет құлақ сырғалары 100 пайызға қамтамасыз етілді.
Жергілікті атқарушы органдар тарапынан келіп түскен сұраныстарға сәйкес 2019 жылы ірі қара малдарды сырғаландыру үшін – 2, 8 млн дана, ұсақ мүйізді малдарға – 6,8 млн дана; шошқаға – 223, 5 мың дана, түйе малына – 44, 8 мың дана құлақ сырғалары берілді. Жалпы республика бойынша 2019 жылдың 31 желтоқсандағы мәліметтерге сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру деректер қорында 7 696 606 бас ірі қара, 19 871 460 бас ұсақ мал, 716 070 бас шошқа, 2 708 609 бас жылқы, 214 434 бас түйе тіркелген, - делінген хабарламада.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгінгі күні Қазақстанда 31 млн астам ауыл шаруашылығы жануарлары бар.