Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет алдағы тәулікте еліміздің барлық өңірінде ауа райы бұзылатыны жайлы хабарлады.
Нұр-Сұлтан қаласында желдің екпіні секундына 15-20 метр болады.
Шымкентте желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Ақмола облысында желдің екпіні секундына 15-20, кей жерлерде секундына 28 метрге дейін көтеріледі.
Ақтөбе облысында найзағай жарқылдап, желдің екпіні секундына 18 метрге жетеді.
Атырау облысында кей жерлерде найзағай ойнап, шаңды дауыл соғады. Желдің екпіні секундына 15-20 метр болады деп күтілуде.
Шығыс Қазақстан облысында желдің екпіні секундына 15-20, күндіз секундына 25 метрге жетеді.
Батыс Қазақстан облысында желдің екпіні секундына 15-20 метр болады.
Қарағанды облысында кей жерлерде найзағай жарқылдап, дауыл соғып, бұршақ жауады. Желдің екпіні 15-20, күндіз секундына 23 метрге жетеді.
Қостанай облысының кей жерлерінде бұршақ жауып, тұман түсіп, дауыл соғады. Желдің екпіні секундына 15-20 метр болады. Таңертең және күндіз кей жерлерде нөсер жауады.
Қызылорда облысында күндіз найзағай жарқылдап, шаңды дауыл тұрады. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді. Күндіз жоғары өрт қаупі бар.
Маңғыстау облысында кей жерлерде найзағай, шаңды дауыл, желдің екпіні секундына 15-20 метр күтілуде.
Павлодар облысында кей жерлерде найзағай, дауыл, күндіз бұршақ. 17 қыркүйекте кей жерлерде қатты жаңбыр, желдің екпіні секундына 15-20 метр.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде қатты жаңбыр, найзағай, дауыл, күндіз бұршақ жауады деп күтілуде. Желдің екпіні секундына 15-20 метр, кей жерлерде секундына 28 метр.
Түркістан облысында кей жерлерде шаңды дауыл, желдің екпіні секундына 15-20 метр, кей жерлерде секундына 23 метр күтіледі.
Дабылды ескертудің ықтималдығы 85-90%.