Еліміз жарқын жолда дамуы үшін ұлттық бірлік қажет – Нұртөре Жүсіп

1 Қыркүйек 2020, 16:10
1540
Бөлісу:
Еліміз жарқын жолда дамуы үшін ұлттық бірлік қажет – Нұртөре Жүсіп
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауында маңызды дүниелер айтылғанын айтты.

Бүгінгі Жолдау – өте ерекше. Маңызды дүниелер айтылды. Әсіресе, мен назар аударған мәселе – ұлттық даму, ұлттық болмыс, ұлттың жаңа болмысы, ұлттық мүдде. Осы мәселер Жолдауда айтылды, - деді депутат.

Нұртөре Жүсіптің айтуынша, ең өзекті мәселе – жауапты мемлекет, жауапты қоғам және жауапты адам деген ұстаным ортаға тасталды. 
Біздің мемлекетіміздің дамуы адам ресурсына, әрбір қазақ азаматының қайратыны, біліміне, парасытына байланысты деген Президент сөздері ұнады. Еліміз жарқын жолда дамуы үшін осындай тың серпіліс және ұлттық ұйымшыл бірлік қажет. Ұлттың жаңа қалыбы, жаңа болмысы іске қосылуы керек деп есептеймін, - деп өз ойымын бөлісті ол.

Айта кетейік, бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жариялады.


Өзгелердің жаңалығы