Еліміз Өзбекстаннан қанша су алатыны белгілі болды

13 Мамыр 2024, 20:47
486
Бөлісу:
Еліміз Өзбекстаннан қанша су алатыны белгілі болды
PHOTO
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының 86-шы отырысына қатысты. Оған Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан кіреді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәлімдеуінше, кездесу қорытындысы бойынша министр «Достық» мемлекетаралық каналы арқылы суару маусымында Қазақстанға 922 млн текше метр су беру туралы келісімге келді.

Еліміз Өзбекстаннан қанша су алатыны белгілі болды

Бұл ретте Түркістан облысының Шардара су қоймасына 4,8 млрд текше метр су жиналғанын айта кеткен жөн. Ал, Қазақстанның оңтүстігіндегі егіс алқаптарын суару үшін су алынатын Тоқтоғұл (Қырғызстан) су қоймасына 8 млрд текше метр су жиналды.

Сондай-ақ, отырыста осы жылдың 30 қыркүйегіне дейін Нарын-Сырдария су қоймалары каскады жұмысының болжамды кестесі бекітілді.

Еліміз Өзбекстаннан қанша су алатыны белгілі болды

Отырысқа қатысушылар жыл басынан бері еліміз төрағалық ететін Халықаралық Аралды құтқару қоры аясындағы жұмысты жеке талқылады. Бүгінгі күнге Қазақстан тарапы барлық ұйымдастыру жұмыстарын аяқтады.

Сондай-ақ, «Орталық Азия елдері арасында су-энергетикалық ынтымақтастық тетігін құру туралы» келісім жобасы әзірленіп жатыр.

Еліміз Өзбекстаннан қанша су алатыны белгілі болды

Қазір біздің басты міндетіміз - тасқын суын жинау. Біз оны Каспий, Балқаш, Қамыс-Самар көлдеріне, Ұлытау облысынан Қызылорда облысының көлдеріне және т.б. бағыттаймыз, бірақ сонымен қатар оңтүстік өңірлерді де сумен қамтамасыз ету маңызды. Бұл мәселеде су дипломатиясы өте маңызды, - деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

МСШҮК-нің келесі отырысы осы жылдың қыркүйек айында Түркіменстанда өтеді.

Өзгелердің жаңалығы