Қазақстандық спортшылар Париждегі Олимпиада ойындарын сәтті бастады, ал еліміздің әртүрлі өңірлерінде осы болашақ спорт жетістіктердің негізі қаланатын кешендер салынуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ангар үлгісіндегі жиырма спорт залын салу және ауылдық аудандарда тағы 100 залды жарақтандыру жобасын «Қазақстан халқына» қоры бизнес өкілдерімен бірлесіп жүзеге асыруда.
Solidcore Resources металлургиялық компаниясының еншілес кәсіпорындарымен бірлесіп Абай облысының Жарма ауданында және Қостанай облысының Жітіқара ауданында ангар үлгісіндегі жаңа спорт залдарының құрылысы аяқталып қалды.
Біздің металлургтермен әріптестігіміз ауылда өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған, сондықтан спортпен шұғылдану үшін жағдай жасау және спорттық инфрақұрылымды дамыту – «Қазақстан халқына» қорының қызметіндегі басымдықтардың бірі. Біз шалғайдағы елді мекендерде балалар спортының қолжетімділігін арттыру, спортпен шұғылданғысы келетіндердің барлығына мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен қатар олардың жетістіктеріне біздің ел ғана емес, әлем таңданатын жаңа жұлдыздардың аттары мен жетістіктерінің пайда болуына серпін береді деп санаймыз, – деді «Қазақстан халқына» қорының Басқарма төрағасы Болат Жәмішев.
Еншілес кәсіпорындар 2010 жылдан бастап Қостанай облысындағы әлеуметтік жобаларға 7,7 млрд теңгеден астам қаражат бөлді. Бұдан өзге, өткен жылдың жазында Жітіқара ауданының 95 жылдығына және қала күніне орай демеушілер Жітіқараға жаңа «Жігер» стадионын ашып берді, жасанды жабыны бар заманауи футбол алаңын, ұзындыққа секіруге және ядро лақтыруға арналған алаңдарды, тартанмен қапталған жүгіру жолдарын бөлек салды, жарыстар өткізуге арналған трибунаны және барлық ілеспе инфрақұрылымды қайта жаңартуды жүргізді.
Спорт ғимараттарын салу — бұл жай ғана қадам емес. Бұл бүкіл қоғамға пайда әкелетін стратегиялық инвестициялар. Спорт нысандары адамдарды қоғамдастыққа біріктіретін орталықтарға айналады. Олар мінезді қалыптастыру, командалық рухты дамыту, жас таланттарды қолдау, салауатты өмір салтын насихаттау алаңына айналады. Мұның бәрі өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер етеді, - деді «Комаров тау-кен кәсіпорны, - ЖШС басқарма төрағасы Абдурахман Исаев.
Дәл осындай спорт залы Абай облысы Жарма ауданы Әуезов кентінде салынуда.