Еліміз өнерпаздары Мәскеуде спектакль қойды

16 Қараша 2023, 21:30
678
Бөлісу:
Еліміз өнерпаздары Мәскеуде спектакль қойды

Қазақ өнерпаздары Мәскеуде "Кармен" қойылымын көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық ұжым «ГИТИС-мастер-класс» халықаралық театр фестивалі аясында Проспер Мерименің әлемге әйгілі трагедиялық махаббат туралы новелласын сахналады. Қойылым көрермен назарына қазақ тілінде ұсынылды. 

Биыл бұл фестивальге Қазақстанның үш театр мектебі өз туындыларын әкелді. Олардың қатарында Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы және өнер колледжі – Ермек Серкебаев атындағы өнерде дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты бар. 

Өнер додасының қазылар алқасы қазақ өнерпаздарының актерлік шеберлігін және қоюшы режиссерлердің шеберлігін жоғары бағалады. 

Бұл алтыншы рет өткізіліп жатқан фестиваль. Болашақта дәстүрге айналады деген болжамдары бар. Біз бұл фестивальге Проспер Мерименің атақты «Кармен» новелласының желісімен жасалған пьеса алып келіп отырмыз. Бұл төртінші курс студенттері материалдың қиындығына, күрделігіне қарамастан, абыроймен алып шығады деген ойдамын, - деді ҚР халық әртісі Тілектес Мейрамов.

Өзгелердің жаңалығы