Астана, BAQ.KZ. Қазгидромет 19 ақпан күні еліміздің бірнеше облысында ауа райына байланысты дабылды ескерту жариялады.
Синоптиктердің хабарлауынша, 19 ақпан күні күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде жауын-шашын мол жауады.
19 ақпанда Қостанай облысының кей жерлеріне тұман түсіп, бұрқасын, көктайғақ болады, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Қостанай қаласында 19 ақпанда бұрқасын болады, жел оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен соғуы мүмкін.
19 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлеріне тұман түсіп, жаяу бұрқасын болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан cоғатын желдің жылдамдығы кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с-қа жетуі ықтимал.
19 ақпанда Маңғыстау облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 17-22 м/с күтіледі. Ақтау қаласында 19 ақпанда бұрқасын, көктайғақ, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.
19 ақпанда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, оңтүстік-батыстын соғатын желдің күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі. Шымкент қаласында 19 ақпанда таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі. Түркістан қаласында 19 ақпанда екпіні 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі.
Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ауа райына байланысты Астанада түскі ауысымдағы сыныптарда сабақ болмай қалғанын және алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялаған болатынбыз.