Еліміз Еуропадағы ең ірі теңіз портымен бірлескен жобаларды іске асырады

30 Қаңтар 2024, 22:17
418
Бөлісу:
Еліміз Еуропадағы ең ірі теңіз портымен бірлескен жобаларды іске асырады
Фото: Көлік министрлігі

Көлік министрлігінің басшысы Роттердам портына барып, вице-президенті Матьес ван Дорнмен екіжақты кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

Қазақстандық делегацияға бүгінде Еуропадағы ең ірі терең теңіз портының қызметі таныстырылды.

Өз кезегінде Қазақстанның көлік ведомствосының басшысы шетелдік әріптестеріне елдің инвестициялық тартымдылығы жөнінде айтып берді. Министрдің ақпаратына сәйкес, қазіргі уақытта көлік саласына жауапты ведомствоарнайы пул қалыптастырды. Аталған пул жалпы сомасы шамамен $23 млрд құрайтын әрі теміржол және теңіз көлігі салаларында 10 мыңнан астам жұмыс орнын ашуды көздейтін 36 жобадан тұрады.

Бүгінгі таңда қазақстандық порттарды трансформациялау жұмыстары жүргізілуде. Біз отандық порттарды Каспий теңізінің алдыңғы қатардағы хабтардың біріне айналдырып, жалпы теңіз флотын нығайтуға және Ақтау портында контейнерлік хаб құруға ниеттіміз. Аталған іс-шаралар «ship-or-pay» шарттары негізінде іске асырылатын болады, – деді Марат Қарабаев.

Кездесу барысында өзара ынтымақтастықты кеңейту аясында Роттердам портының өкілдеріне аталған жобаларға белсенді қатысужөнінде ұсыныс жасалды.

Қазақстандық делегация басшысының айтуынша, бұл бағытта Еуразиялық кеңістіктегі негізгі транзиттік дәліздердің бірі ретінде әлеуеті зор Транскаспий халықаралық көлік маршрутынодан әрі дамыту көзделіп отыр.

Сөз соңында Марат Қарабаев кездесуге қатысушыларды көлік және логистика саласындағы халықаралық деңгейдегі әріптестікті кеңейтуге бағытталған New Silkway форумына қатысуға шақырды.

Өзгелердің жаңалығы