Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирусқа шалдыққандар статистикасын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оған сәйкес, 28 сәуірде 62 адам коронавирус жұқтырған. Алты адам пневмнонияға шалдықты.
Одан бір күн бұрын - 61, ал оның алдыңғы күні - 66 қазақстандық аталмыш індетпен ауырған еді.
ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2023 жылғы 29 сәуірдегі ақпарат бойынша 1 252 адам коронавирус инфекциясынан (–1 097+ және 155 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 155 пациент стационарда, 1 097 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
1 адамның жағдайы ауыр,
0 пациенттің жағдайы өте ауыр,
0 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.